«Западный» кітапхана-филиалында жерлес ақын-жазушылырдың мерейтойларына арналып № 17 мектеп оқушыларының қатысуымен «Кітап түптеудің артындағы адам тағдыры» атты ауызша журналы өткізілді.
Кітапханашы іс-шара басында ақын Ж. Баязидтің, Н. Мұқатовтың, жазушы-этнограф С. Кенжеахметовтың өмірі мен жетістіктері жайлы айтып, шығармаларымен таныстырып, ақындарға арналған жыр жолдарын оқыды. С. Кенжахметұлының «Жеті қазына» кітабын ұсынды. Оқушылар үшін Ж. Баязидтің сөзіне жазылған «Арман әнім, аруым» әні шырқалды.
Іс-шара соңында «Қарымды қаламгерлер» атты тақырыптық сөреге шолу жасалды.