Кітап және кітапхана туралы

Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері Қостанай жоғары медициналық колледжінің бірінші курс студенттері үшін «Кітап және кітапхана туралы» кітапханамен танысу-экскурсиясын өткізді. Аудиторияны кітапхананың тарихымен, жұмыс тәртібімен, қызметтерімен және кітап қорымен таныстырды. Кітапханашылар алфавиттік және жүйелі каталог бойынша ақпаратты іздеу процесін көрсетті. Студенттер кітап көрмелері, Қостанай облысы мен Қостанай қаласының танымал адамдарымен кездесулер туралы білуге қызығушылық танытты.