Семинар барысында Қазақстан Республикасының ірі кітапханалары өткізетін оқырман мәдениетін дамыту бойынша бірқатар маңызды іс-шаралар өткізілді. Облыстық балалар кітапханасының тәжірибесі ұсынылды.
Оқырмандардың қатысуымен мәнерлеп оқу техникасын, стильдендірілген биді және музыкалық нөмірді пайдалана отырып, кітапты ілгерілету бойынша тәжірибе ұсынылды. Әдеби қолтаңба-кездесуде қостанайлық ақын Александра Ильинична Суслова Ұлы Отан соғысының қатысушылары туралы өз шығармаларының өлеңдерін оқыды.
Екінші бөлімде ерекше қажеттіліктері бар оқырмандармен жұмыс, кітап үшін QR кодын құру процесі көрсетілді.
Соңында «Галерка» жастар театрының актерлері «Марионетки» пьесасы бойынша қойылым көрсетті.
Кітапхана мамандары өздерінің кәсіби деңгейін арттыруға, жаңа дағдылар мен жұмыс тәсілдерін игеруге мүмкіндік алды.
