Кітапхана шақырады

29 қазан күні Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері бірінші курс студенттеріне «Кітапхана шақырады» кітапханалық десантын өткізді.
Кітапханашылар қаланың оқу орындарында болды: Қостанай гуманитарлық колледжі, жоғары медициналық және экономикалық колледжі.
Кітапханашылар кітаптың адам өміріндегі маңызы, қызметтері, кітап қоры, қалалық кітапхананың жұмыс тәртібі туралы айтып берді.
Әңгіме барысында кітапханашылар жас ақындардың кітаптарын ұсынды. Студенттер «Жас жалын» шығармашылық студиясы, «Тұмар» клубы туралы ақпаратты қызығушылықпен тыңдады.
Іс-шара соңында ақпараттық буклеттер таратылды.