«Дорожный» кітапхана-филиалының қызметкерлері 8 Наурызға «Совершенство» клубының әйелдеріне арналған «Кітапханадағы әйелдер күні» атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырды. Мерекелік іс-шараның қонақтары ақын Татьяна Кайгородцева мен композитор Артем Дядин болды.
Кітапханашы қонақтарды мерекемен құттықтап, Халықаралық әйелдер күнінің тарихы және бұл күнді әртүрлі елдерде қалай атап өту керектігі туралы айтып берді. Татьяна Кайгородцева өз өлеңдерін таныстырып, қостанайлық композитор Артем Дядинмен таныстырды, ол өзінің өлеңдеріне музыка жазады, ал «Совершенство» клубының мүшесі Бакуменко Галина Петровна олардың әндерін орындады.
Клуб мүшелері «Сказка про репку для взрослых» әзіл-сықақ ертегісін сахналады, «Женщина на приёме у врача» әзіл-сықақ көрінісін көрсетті. Қонақтар өздерінің актерлік таланттарын көрсетті және әрқайсысы өз рөлін орындады, «Әдебиеттегі әйелдің бейнесі», «Карточкалардан тізбек құру: автор – шығарманың атауы – әйел кейіпкерлері» конкурстарына қатысты, бірге «Махаббат, көктем және әйелдер туралы ретро әуендер» тақырыбында әндер, күлкілі частушкалар шырқады, және өлеңдерді оқыды.
Мерекелік шара қонақтарға өте ұнады. Байқау жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар – «Әйел заттары» табыс етілді, ал барлық қатысушылар мерекелік открыткалармен марапатталды.
Кітапханадағы әйелдер күні
