Сабақ барысында ӘББ қызметкерлері кітап көрмесін әзірлеу тәртібі, рәсімдеу кезеңдері туралы айтып берді. Кітап көрмелері жіктелетін белгілерге ерекше назар аударылды. Кітап көрмесін ұйымдастыруға қанша уақыт бөлінетінін атап өтті.
Дәстүрлі және дәстүрлі емес кітап көрмелерінің мысалдарын келтірді. Соңында кітапхана көрмелерінің жаңа формалары, дайындық және безендіру процесі туралы бейнеролик көрсетілді.
