Әдебиеттерді жинақтау және өңдеу бөлімінің қызметкерлері «Орналастыру. Кітапхана қорын есепке алу» тақырыбында сабақ өткізді.
Сабақ барысында КБЖ-ны (кітапханалық-библиографиялық жіктеу) зерттеуге ерекше көңіл бөлінді. Жас мамандарға КБЖ – бұл кітапхана қорларын, жүйелі каталогтар мен картотекаларды (білім салалары бойынша) ұйымдастыруға арналған жұмыс кестелері екендігі түсіндірілді. Кітапханаларда кітап қорларын орналастыру үшін қолданылады.
Арнайы кестенің көмегімен кітапхана қызметкерлері кітаптарды оқымай, оның қай бөлімге жататынын анықтады.
Соңында жас кітапханашыларға кітап қоры мен КБЖ-ны зерделеу тапсырылды.
