2025 жылғы 24 қаңтарда «Строительный» кітапхана-филиалында «Кітапхананың СБА – ақпараттың кілті» кітапхана сабақ-практикумы өтті.
Іс-шараға «Бес Үйрек» балабақшасының тәрбиеленушілері қатысты. Кітапхана залдарымен танысу экскурсиясы өткізілді.
Оқу залында кітапханашы «каталог» сөзінің мағынасын түсіндіріп, ағайынды Царь Горох Систем мен Алфавит туралы сиқырлы ертегіні оқыды. Бір кітаптың мысалында каталогтан қажетті карточканы қалай тез табу керектігін көрнекі көрсетілді. Балалардың назарына жарқын балалар энциклопедиялары, жаңа сөздіктер ұсынылды. Олар 3D және 4D технологияларында орындалған «Новые чудеса света», Абай Құнанбайұлының «Өлеңдері», «Три медведя» ертегілерін тамашалады. Кітапхана қорындағы ең үлкен және ең кішкентай кітаптарды көрді.
Шара соңында балаларға тосын сый жасалды. Оларға «Жас кітап сүйер» медальдары табыс етілді!
