3 желтоқсанда А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасында «КазГУЮ» мектебінің 2-сынып оқушылары үшін «Кітаптар үйінде қонақта» тақырыбында танымдық саяхат ұйымдастырылды.
Саяхат барысында кітапханашылар кітапхананың тарихына тоқталып, кітап қорын орналастыру ережелерін түсіндірді. Жас оқырмандар оқырман кітапшасы деген не, кітаптар сөреге қалай қойылады және кітапханада тыныштық сақтаудың маңыздылығы қандай екенін білді.
Ақпараттық бөлімнен кейін іс-шара ойын форматында жалғасты. Балалар «Кітапты орнына қой», «Сиқырлы сөздер» және «Жоғалған кейіпкерді тап» сияқты қызықты ойындарға қатысып, білімдерін бекітті. Сонымен қатар, балалар арнайы ұйымдастырылған «Кітап қорының қазынасы» атты кітап көрмесімен танысып, ерекше басылымдарды тамашалады.
Кітаптар үйінде қонақта