Кітаптар өмір сүруге көмектеседі

2025 жылдың 3 қарашасында «Дорожный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Қостанай әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» тәрбиеленушілеріне арналған «Кітаптар өмір сүруге көмектеседі» нон-фикшн кітап көрмесін ұйымдастырды.
Іс-шараға қатысушыларға аспаздық, психология, педагогика бойынша кітаптар, анықтамалық және басқа да басылымдар ұсынылды.
Көрмедегі анықтамалық әдебиеттер әртүрлі сөздіктер мен анықтамалықтармен ұсынылған, олардың ішінде «Все обо всех», «Я познаю мир» және т. б. сериялары бар.
Көрмеге келушілерді А.Ақажановтың «Заң психологиясы», «Медициналық психологиясы», С. Әбенбаевтың «Педагогика» кітаптары, Д. Карнегидің психология бойынша кітаптар сериясы, олардың беттерінде балаларды тәрбиелеу, қарым-қатынас және мінез-құлық психологиясы бойынша кеңестер берілген. Аспаздық, қазақ ұлттық тағамдары, «Еда на все случаи жизни», «Қазақтың дархан дастарқаны» дастархан жаю, «Кулинария для начинающих» кітаптар сериясы ерекше қызығушылық тудырды. Олар сондай-ақ 3D форматындағы иллюстрациялары бар басылымдардың беттерін парақтай алды.