17 сәуірде «Северный» кітапхана-филиалында «Ақжелкен» балабақшасының «Звездочка» және «Ромашка» топтарына арналған «Кітаптардың сиқырлы әлемі» экскурсиясы өтті.
Іс-шара барысында балалар кітапхананың барлық бөлімдеріне барып, кітапханашы олардың әрқайсысының ерекшеліктері туралы айтып берді. Балалар бөліміне және әр түрлі балалар басылымдары ұсынылған мерзімді басылымдар бөліміне ерекше назар аударылды. Балалар кітапхана қорындағы балалар журналдары мен кітаптарымен қызығушылықпен танысты. Сондай-ақ, денешынықтыру минуты өткізілді, викторина сұрақтары бар мультфильм көрсетілді.
Соңында балалар журналдар мен кітаптардан ертегі кейіпкерлерін салды.
Кітаптардың сиқырлы әлемі
