Кітапты ашу – әлемді ашу

«Киевский» кітапхана-филиалының қызметкерлері кітапхана оқырмандары үшін «ОқыЖәнеЖең» облыстық онлайн-конкурсын насихаттау бойынша «Кітапты ашу – әлемді ашу» атты тақырыптық кездесуін ұйымдастырды.
Кітапхана қызметкерлері онлайн-конкурстың шарттарын, конкурсты өткізу ережелері туралы айтып, https:// kitap10.kz/ сайтының мекенжайын ұсынды, онда конкурс туралы барлық ақпарат жарияланған.
Кездесуге 2024 жылдың «ОқыЖәнеЖең» конкурсының жеңімпазы Тулепова Данара Жылгельдыновна қатысты, ол «ОқыЖәнеЖең» облыстық онлайн конкурсына қатысу туралы өз әсерімен бөлісті, оқылған кітаптар туралы толығырақ айтып берді, тыңдаушыларға ұсынылған жұмыстардың ең қызықты сәттерін айтып берді. Еркін микрофон тыңдаушыларға конкурсқа қатысушыға қызықты сұрақтар қоюға мүмкіндік берді. Тыңдаушылар онлайн кітап оқу байқауына үлкен қызығушылық танытты.