Книголэндке шақырамыз!

«Дружба» орта мектебінің мектеп алаңының балалары үшін «Дружба» кітапхана-филиалының кітапханашысы «Книголэндке шақырамыз!» атты қызықты экскурсия ұйымдастырды. Балалар І. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасына барып, абонемент және кіші бөлімнің оқу залында түрлі-түсті кітаптарымен танысып, көркемсурет бөлімінде өткен шеберлік сабағында қағаздан керемет гүл шоқтарын жасап, «Сау бол!» атты тәрбие сағатына қатысып, күн тәртібі, дұрыс тамақтану және салауатты өмір салты туралы білді. Экскурсия өте қызықты өтті!