Композитор Брусиловскийдің мұрасы

Кеңестік композитор, Қазақ КСР халық әртісі Евгений Григорьевич Брусиловскийдің туғанына 120-жыл толуына орай «Северный» кітапхана-филиалында «Активное долголетие» СӨС тобының мүшелері үшін «Композитор Брусиловскийдің мұрасы» атты музыка кеші өтті.
Іс-шара барысында кітапханашы оқырмандарды композитордың өмірімен таныстырып, өнерінен бірнеше ақпарат берді. Кітапхана төңірегінен ашылған «Шаңырақ» клубының мүшесі Жакупжанова Аклима композитор ән әуенінің негізінде опера жазған «Дударай» әнін шырқаса, кітапханашы Абдыкаримова Тазагүл «Кел, біздің ауылға» әнін орындады.
Іс-шара сонында қатысушылардың назарына кітап көрмесі ұсынылды.