Ағымдағы жылдың 24 қаңтарында «Узкоколейный» кітапхана-филиалында ҚР Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына орай «Конституция – бейбітшілік пен тұрақтылықтың негізі» тақырыптық сөресі рәсімделді. Тақырыптық сөреде Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі» тәжірибелік құралы, «Азаматтық құқық» мақалалар жинағы, «Фемида» мерзімді баспасөзінен алынған мақалалар ұсынылған. Заң ғылымдарының докторы, профессор Қабдулсамих Айтхожиннің «Қазақстандағы конституциялық реформа: шындықтар мен перспективалар» атты мақаласында 2022 жылғы конституциялық реформа туралы айтылады, ол ҚР саяси жүйесін жан-жақты жаңғырту және түбегейлі қайта құру жолындағы жаңа заңды кезең болды. Көрмеде ұсынылған басқа дереккөздерден оқырман конституциялық реформалар мен конституциялық түзетулер туралы біле алады.
Құрметті оқырмандар! Сіздерді біздің кітапханаға және көрмемен жақынырақ танысуға шақырамыз!
