28 тамызда Конституция күніне орай «Станционный» кітапхана-филиалында «Конституция – еліміздің басты заңы» атты диалог-көрме ұйымдастырылды.
Көрме-диалогтың тұсаукесері барысында кітапханашы әңгімелесіп, балаларға Конституцияның құрылу тарихы туралы айтып, оның құрылымымен таныстырды. Балалар «Менің Отаным – Қазақстан» викторинасына, «Өз құқықтарыңызды білесіз бе?» ойынына белсенді қатысты.
Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен міндеттерін айтты.
Соңында қатысушылар көрме материалдарымен танысты.