Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен аудару мақсатында «Западный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Латын әліпбиі – келешек кепілі» атты ақпараттық сағатын өткізді. Кітапханашы презентациямен бірге қазақ жазуын кириллицадан латын графикасына көшірудің негізгі себептері мен перспективаларына тоқталып, қазіргі уақытта латын графикасы көптеген елдерде қолданылатынын атап өтті. Оқушылар осы ауысудың себептері мен артықшылықтары туралы өз пікірлерімен бөлісті және латын тілінде жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында практикалық тапсырманы орындады.
Іс-шара соңында «Латын әліпбиіне көшу – болашаққа сенімді қадам» тақырыптық сөресіне шолу жасалды.
