«Қонай» кітапхана-филиалында «Латын әліпбиі – өркениет кілті» атты білім баспалдағы өтті. Қостанай қаласындағы Чапаевская негізгі мектебінің мұғалімдері қатысты. Кітапханашы қазақ жазуының тарихына, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына тоқталды. Бұл мақаланың маңызды тұстарының бірі – қазақ жазуының латын графикасына көшуі. Шараға қатысушылары бұл ана тілімізді халықаралық деңгейге шығаруға мүмкіндік беретін уақыт талабы екенін атап өтті.