«Дружба» кітапхана-филиалында Дружба орта мектебінің сегізінші сынып оқушыларына «Латын әліпбиі: болашаққа қадам» атты ақпараттық сағат өткізілді.
Кітапханашы қазақ жазуының түркі жазуынан қазіргі кириллицаға дейінгі тарихы туралы айтып берді. Қатысушылар қазақ тілінің латын графикасына көшудің барлық оң және теріс жақтарын талқылап, латын әліпбиіне көшу Қазақстанға әлемдік ақпараттық және экономикалық кеңістікке оңай кірігуге көмектеседі деп шешті. Оқушылар қазақстандық автор Тойшыбек Иіпұлының кириллицада және латынша жазылған «Ұмытпа, ұлылардың, ұрпағысың» кітабын қызығушылықпен оқып көрді, сондай-ақ латынша шағын диктант жазды, қаламыздың көшелерінде латынша қандай атауларды көргендерін есіне алды.
Латын әліпбиі – болашаққа қадам
