«Южный» кітапхана-филиалында М. Хәкімжанова ат. № 20 орта мектебінің 9 «Б» сынып оқушылары үшін «Латын әліпбиіне жол» атты пікірлер тоғысуы өткізілді.
Шақырылған қонақ – «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Тұрымжанова Әсемгүл Шопырқызы латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы және осы процестің ерекшеліктері туралы ақпаратпен бөлісті. Оқушылар диспут барысында кириллицадан латын графикасына көшу мәселесіне өз пікірлерін білдіріп, осы өзгерістің оң және теріс жақтарын қарастырды.
Іс-шара соңында «Латын әліпбиі – заман талабы» атты кітап көрмесі ұсынылды.