Мәңгілік жас батыр

«Дружба» кітапхана-филиалында Кеңес Одағының Батыры Сұлтан Баймағамбетовтің туғанына 105 жыл толуына орай «Мәңгілік жас батыр» тақырыптық сөресі дайындалды. Онда «Қазақстан тарихы» және «История Казахстана» энциклопедияларынан Сұлтан Баймағамбетовтің өмірі мен ерлігі туралы материалдар, «Қостанайлықтар – Кеңес Одағының батырлары», «Қостанай облысының Әскери даңқ кітабы» кітаптары, сондай-ақ В. Моториконың «Помним ли подвиги героев», «Наш Султан» және А. Серіктің «Ер Сұлтан есімі мәңгі есімізде» мақалалары сияқты мерзімді басылымдардың материалдары ұсынылған.