21 мамыр Мәдениет және өнер қызметкерлері күнін мерекелеу аясында. Н. Островский ат. ОҚК мерекелік іс-шара өткізді.
Іс-шараға «Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бас маманы О. А. Малых, Қостанай қ. ОКЖ қызметкерлері қатысты.
Бас маманы Ольга Аркадьевна Малых қатысушыларды мерекемен құттықтап, барлығына жарқын шығармашылық жаңалықтар мен шабыт тіледі. Сондай-ақ Қостанай қаласы әкімінің және мәдениет бөлімінің грамоталарын тапсырды.
Іс-шара барысында музыкалық нөмірлер орындалды. Әншілер Азамат Ибраев пен Ольга Подольянованың қойылымы жағымды тосын сый болды.
Іс-шара ізгі ниет пен жақсылық атмосферасында өтті.
Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні
