«М. Дулатұлы – жалынды көсемсөз шебері»

«Западный» кітапхана-филиалында ҚИнЭУ колледжінің студенттеріне үшін ақын, жазушы, журналист, драматург, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі болған ақынның 140 жылдығына арналған «М. Дулатұлы – жалынды көсемсөз шебері» атты тақырыптық кеш өтті.
Презентация барысында кітапханашы М. Дулатов шығармашылығының маңызын, ұлттық болмыстың дамуына қосқан үлесін, шығармаларының мәдениет пен қоғамдық ойға тигізген ықпалын тілге тиек етіп, оның жерлестерінің жүрегінде азаттық пен тәуелсіздік рухын оятқан тұлға ретіндегі рөліне тоқталды.
Студенттер М. Дулатовтың саяси қызметі мен шығармашылығы туралы және Алаш партиясы туралы викториналық сұрақтарға жауап берді.
Шара «Айтары көп ақын еді…» атты тақырыптық сөреге шолу жасаумен қорытындыланды.