Мамандық таңдау – болашақты таңдау

Жастармен кәсіби бағдар беруге бағытталған «Мамандық таңдау – болашақты таңдау» атты іс-шараны «Дорожный» кітапхана-филиалының кітапханашысы № 18 мектеп-гимназияның 9-10 сынып оқушыларына ақпараттық сағат түрінде өткізді. Шара барысында бүгінгі күнгі заманға керек ең маңызды әрі сұранысқа қажет мамандықтар мен маман иелері жайлы сұрақтар талқыланды. Оқушылар болашақта кім және нені қалайтындықтары жайлы ойларымен бөлісіп, бір-бірімен сұрақ-жауап ретінде әңгімелесті. Кітапханашы балаларға өз болашағы өздерінің қолдарында, сондықтан өз жолдарын адаспай табу үшін қазірден дұрыс жолды таңдап, ойлану керектігін атап өтті.