Маусым айы келді – жаз басталды

1 маусым күні «Западный» кітапхана-филиалының қызметкерлері Балаларды қорғау күніне арналған №16 балабақша тәрбиеленушілері үшін «Маусым айы келді – жаз басталды» атты шығармашылық сабағын өткізді.
Іс-шараның басында кітапханашы, балаларды мерекемен және жаздын басталуымен құттықтап, осы мерекенің пайда болу тарихы туралы айтып берді. Балалар түрлі байқауларға, ойындарға қатысып, жұмбақтар шешіп, сүйікті кітаптарынан үзінділер тыңдады.
Барлық балалар қуанышты көңіл күйге ие болды, тәтті сыйлықтар алды.