Мектеп, отбасы, кітапхана: оқырмандардың қызығушылығын дамыту тәсілі

«Балалар кітапханасы–мектеп–отбасы» жобасы аясында оқу мәселесін зерттеу мақсатында А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасында «Мектеп, отбасы, кітапхана: оқырмандардың қызығушылығын дамыту тәсілі» атаулы оқырман конференциясы болып өтті.
Кітапхана қонақтары және конференция қатысушылары болған Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, педагог Ә. Әмірұлы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, танымал педагог А. И. Суслова, кітапхана демеушілері, қолдаушылары Д. М. Ахметова, А. М. Куйшинова. Сонымен қатар Қостанай қаласы білім бөлімінің № 15 жалпы білім беретін мектебі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А. Н. Нұрланұлы, № 2 мектеп-лицейінің мұғалімі Т. А. Татарчук және кітапхананың тұрақты түрде үзбей оқитын отбасылары Джаушовтар мен Гуляевтер де қатысып, тақырыпқа сай көтерілген мәселелерді қозғап, балалар кітапханасы мен мектеп, отбасы болып оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, танымдық көкжиегін кеңейтуге ықпал ететін көптеген құнды, ескерерлік орынды пікірлерімен бөлісті. Кітапхананың жас оқырмандары Арманбек Мұхаммедали, Даниил Зубаль, Аян Усембаев сүйікті өнер туындыларынан үзінді оқыды.
Конференция барысында кітапхана қызметкерлері көрермендер болған «Qazbilim» ұлттық лицейі мен № 2 мектеп-лицейінің оқушыларымен карточкамен жұмыс, жұмбақ жасыру сынды пікір-алмасу ретін өткізді.
Жиынға қатысушылар, отбасы тәрбиесімен ұштасқан тәрбие негізін жалғастырушы мектеп пен балалар кітапханасы болып қала бермек деп кездесуді қорытындылады.