Біздің мақтанышымыз – көркем сөздің зергерлік шебері, Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенова.
Ақынның 75 жылдығына орай «Дорожный» кітапхана-филиалында «Мен қазақ халқының қызымын» атты поэзия сағаты өтті. Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің студенттері қатысты.
Кітапханашылар Ә. Беркенованың өмірбаянымен таныстырды. 1994-1995 жылдары Қостанай облысының № 89 Семиозерлік сайлау округінен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің XIII шақырылымының депутаты болғаны туралы айтылды.
Оның ауызша халық ән поэзиясына қосқан үлесі атап өтілді. Әсия Беркенова 80-ші жылдардан бастап айтыстарға қатыса бастады. 40 жылдан астам уақыт сахнада өнер көрсетіп, туған облысының намысын қорғады. Көптеген республикалық және халықаралық айтыстардың жеңімпазы. 1990 жылы оған «Қазақстанның халық ақыны» атағы берілді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығымен айтыс өнері мен педагогика саласындағы ерекше еңбегі үшін Құрмет орденімен марапатталды.
Соңында «Айтыскер» бейнеролигі көрсетілді.
Мен қазақ халқының қызымын
