Мен Қазақстан азаматымын

23 тамызда «Западный» кітапхана-филиалының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай №6 орта мектептің 1 сынып оқушылары үшін «Мен Қазақстан азаматымын» атты құқықтық ақпарат сағатын өткізді.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды. Кітапханашы Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі бағыттары мен бөлімдеріне тоқталды. «Конституция беттері арқылы» презентациясы мен «Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдану кезеңдерінің тарихы» бейнеролигі көрсетіліп, «Қазақстан Конституциясы – адамның құқықтары мен бостандықтарының кепілі» атты тақырыптық сөреге шолу жасалды.