«Западный» кітапхана-филиалында «Ақниет» үйірмесінің балаларына «Мен бәрін білгім келеді» тәрбие сағаты өткізілді.
«Эрудит деген кім?» деген сұраққа, балалар бұл білімнің көптеген салаларында кең білімі бар адам деп жауап берді. Балалар «Сендер білесіндер бе?» викторина сұрақтарына жауап берді, әр қатысушы өзін білімді және жақсы оқығанын көрсетуге тырысты. Білімнің кеңдігі, логикалық ойлау қабілеті балаларға барлық сұрақтарға жауап беруге көмектесті.
Қорытындылай келе, балалар «Бәрін білетін кітаптар» тақырыптық сөресінің материалдарымен танысты.
Мен Бәрін білгім келеді
