А. С. Пушкин ат. қалалық балалар кітапханасының қызметкерлері оқырмандарға көрнекті орыс ақыны Ольга Федоровна Берггольцтің туғанына 115 жыл толуына орай «Мен сенімен Ленинградтан сөйлеп отырмын…» батылдық сабағын ұйымдастырды.
Ольга Берггольц – қоршаудағы Ленинградтың символына айналған ақын, оның дауысы Ұлы Отан соғысының ең қиын күндерінде қала тұрғындарын қолдап, шабыттандырды. Оның өлеңдері терең патриотизмге, төзімділікке және адамгершілікке толы.
Батылдық сабағында балалар ақынның өмірбаяны мен шығармашылығымен танысты. Өлеңдерден үзінділер, сондай-ақ соғыс уақытындағы күнделік жазбаларынан үзінділер оқылды. Берггольцтің өмірі туралы сирек кездесетін фотосуреттермен, дәйексөздермен және материалдармен бейне презентация балалардың қызығушылығын тудырды.
Іс-шара соңында кітапханашы кітапхананың кітап қорынан шығармалар ұсынып, О. Ф. Берггольцтің «Говорит Ленинград» кітабынан үзінді оқыды.
Мен сенімен Ленинградтан сөйлеп отырмын…
