Мен жарқын болашақты таңдаймын

«Западный» кітапхана-филиалында «Ақниет» үйірмесінің балаларына арналған «Мен жарқын болашақты таңдамын» атты сұрақ-жауап сағаты өтті.
Кітапханашы балалармен мамандық таңдау және қаржылық сауаттылық мәселелерін талқылады, балалар «Мен жарқын болашақты қалаймын» тақырыбында пікірлерімен бөлісті. «Менің жарқын болашағым» тақырыптық сөресіне шолу жасалды. Қатысушылар практикалық кеңестер ғана емес, сонымен қатар өмірлік мақсаттарына жету үшін мотивацияның күшті зарядын алды.