«Западный» кітапхана-филиалында Республика күніне арналған «Менің Қазақстаным – менің арманым» атты пікірталас өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды. Кітапханашы оқушыларға Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы, мемлекет дамуының негізгі кезеңдері туралы айтып берді.
Қатысушылар «Мен армандаған ел!», «Менің Қазақстаным», «Егер мен министр болсам» тақырыптарына дисскусия жасады, өз жетістіктерімен және білімдеріммен бөлісті, Отан, туған өлке туралы мақал-мәтелдер оқыды.
Соңында Индира Кобей мен Нұрлан Ташмағамбетов «Алаш аманаты» күйін орындады, кітапханашы балаларды «Менің елім – Қазақстан» кітап көрмесінің материалдарымен таныстырды.
Менің Қазақстаным – менің арманым