«Южный» кітапхана-филиалында «Собеседник» клубының мүшелері үшін «Менің Астанам – әлемнің орталығы!» Қазақстан Республикасының астанасы күніне арналған медиа-эссе – іс-шарасы болып өтті. Кітапханашы еліміздің бас қаласы мен оның көрікті жерлерінің қалыптасу тарихы туралы айтып берді. Іс-шара барысында қатысушылар Астана көшелерімен виртуалды саяхат жасап, оның сәулетімен және мүсіндік композицияларымен танысты: «Қазақ Елі» монументі, үш деңгейлі тостаған түрінде орындалған субұрқақ, Президенттік мәдениет орталығы, «Бәйтерек», «Думан» ойын-сауық орталығы, бейбітшілік және келісім сарайы. Көбісі бұрын Елордаға барып, сапардан алған әсерлерімен бөлісті. Іс-шара соңында «Мақтанышым – Астана» кітап көрмесіне шолу жасалды.