Менің Отаным Қазақстан

Республика күні қарсаңында «Қонай» кітапхана-филиалында « Менің Отаным Қазақстан » атты ақпараттық дайджест өткізілді.
Кітапханашы мерекенің тарихы, республиканың тәуелсіздік алғаннан бергі жүріп өткен жолы, жас елордамыз Астана, мемлекеттік рәміздер туралы әңгімеледі.
Шара «Менің Республикам» атты әдебиеттерге қысқаша шолумен аяқталды.