Отбасы күнін мерекелеу аясында Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Балабақша-мектеп-интернат Қостанай арнайы кешені» КММ 5-7 сынып оқушылары үшін «Менің отбасым – менің байлығым» атты сабақ-ойын өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы отбасының әр адамның өмірінде қаншалықты маңызды екендігі туралы айтып берді. Балалар викторина сұрақтарына жауап берді, «Репка» ертегісін қоюға қатысты, кітаптар және журналдармен танысты.
Сонында кітапханашы Тазагуль Жаркинбаевна орындауындағы «Ана, әке туралы» әні шырқалды. Балалардың күлімсіреуі, жылы және тікелей, балалардың жан жылуы осы күз күнінде бәрімізді жылытып, күлімсіреуге мәжбүр етті.