№ 22 ОМ 7-сыныптарының параллелі үшін мереке қарсаңында «Северный» кітапхана-филиалының қабырғасында «Менің Республикам, менің Қазақстаным» атты сынып сағаты өтті. Іс-шара басында балалар ҚР Әнұранын орындады. Іс-шара барысында оқушылар мереке тарихымен танысты. Сондай-ақ оқушылардың назарына «День Республики снова с нами» бейнеролигі ұсынылды. Іс-шара соңында барлығы бірге «Атамекен» әнін орындады.