Менің сүйікті қалам

«Западный» кітапхана-филиалының қызметкері «Ақниет» үйірмесінің балаларына арналған «Менің сүйікті қалам» танымдық сағатын өткізді.
Балалар біздің қаламыздың тарихымен танысты, көше атауларын, атақты тұлғаларға арналған ескерткіштерді, сондай-ақ отбасымен бірге болғанды ұнататын мәдени орындарды еске алды. Соңында балалар сүйікті қаласына көптеген жылы сөздер мен тілектер айтты, кітапханашы «Сүйікті қалам – Қостанай!» тақырыптық сөресіне шолу жасады. Танымдық сағат барлығына керемет көңіл-күй сыйлады.