«Западный» кітапхана-филиалында «Ақниет» клубының қатысушылары үшін «Менің сүйікті қалам Қостанай!» атты танымдық сағаты өткізілді. Кітапханашы балаларға Қостанай қаласының тарихын айтып, Қос-Тана аңызына тоқталып, «Қостанай» кітабынан ескерткіштерді, ғимраттарды көрсетті. Үйірме қатысушыларына кітапхана қорынындағы «Алтын дала», «Қостанай. Қаладағы серуен», «Қостанайлықтар – Еңбек ерлері», «Тарих парақтары» және т.б. кітаптар ұсынылды.