Менің түрлі-түсті, сиқырлы өлкем

Қазақстан Республикасының күніне орай Қостанай қаласындағы А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасында «Менің түрлі-түсті, сиқырлы өлкем» атты қызықты ойын-саяхат ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында кітапхана бойынша экскурсия өткізілді, онда «Туған жердің бояулары кітап беттерінде» атты кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеде Қазақстанның табиғаты, тарихы және мәдениеті туралы кітаптар ұсынылды. Келесі кезекте балалар үшін ойын-саяхат пен туған өлке туралы викторина өткізілді.
Ойын барысында балаларға Қазақстан туралы қызықты және ақпараттар бар слайдтар көрсетілді. Балалар сұрақтарға қуана жауап беріп, шығармашылық тапсырмаларды орындап, талқылауларға белсене қатысты.
Сонында барлық қатысушылар шабыттанып, туған жерінің өз бейнесін салу үшін шығармашылық шеберханаға барды.