4 желтоқсанда «Западный» кітапхана-филиалында «Ақниет» үйірмесінің балалары үшін мемлекеттік мереке қарсаңында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнінің маңыздылығы, мемлекеттің негізгі рәміздері және егемендік жылдарындағы жетістіктері туралы «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» атты әңгіме өткізілді.
Балалар біздің елімізді өз суреттерінде бейнелеп, отансүйгіштік пен Отанға деген сүйіспеншілік тақырыбына қызығушылық танытты. Шара соңында «Мәңгілік Ел: Тәуелсіздік шежіресі» тақырыптық көрмесіне шолу жасалды.
Менің Тәуелсіз Қазақстаным