2024 жылдың 2 тамызында Киевский кітапхана-филиалында қаланың 145 жылдығына арналған «Менің туған қалам» атты интеллектуалды шайқас өтті. Шара басында кітапхана қызметкерлері Қостанай қаласының тарихы, мәдени, сәулет ескерткіштері және қаланың көрікті жерлері айтып берді. Оқырмандардың ерекше қызығушылығын тудырды: «Өз өлкеңді біл және сүй», «Туған қаланың тарихы», «Қостанайдың көрнекті қайраткерлері» өлкетану ойындары, Қостанай қаласына арналған зияткерлік сайыстар, блиц-сауалнамалар, викториналар мен жұмбақтар. Оқу залында «Қостанай, менің шағын Отаным» атты кітап көрмесі қойылды, онда Қостанай қаласының 18 ғасырдың 70-жылдарынан бастап қазіргі кезеңге дейінгі тарихынан материалдар мен құжаттар ұсынылды.