«Западный» кітапхана-филиалында «Мерейгер кітаптар шеруі» атты мерейтойлық кітаптар көрмесіне шолу өткізілді. Кітаптардың мерейтойлары –бұл жаңа немесе оқылған шығармаларға оралуға тамаша себеп, бұл бір кездері оқыған ұмытылған оқиғаларды қайта жаңғырту мүмкіндігі. Көрмеде ондаған, тіпті жүздеген жылдар бұрын жасалған, бірақ оқырмандар арасында танымалдылығын жоғалтпай, қазіргі уақытта да сұранысқа ие туындылар.
И. Крыловтың ертегілеріне – 215 жыл, П. Бажовтың «Малахитовая шкатулка» – 85 жыл, С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романына – 110 жыл, С. Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасына – 95 жыл. Сөреде көптеген балалар шығармалары, ертегілер, әңгімелер: В. Драгунскийдің «Денискины рассказы», К. Чуковскийдің «Айболит», М. Твеннің «Приключения Гекльберри Финна», Ю. Олешаның «Три толстяка» кітатары орналасқан. Ерекше кейіпкерлердің шытырман оқиғалары, олардың ішкі әлемі балалар ұрпақтарының мінезін қалыптастыруға үлкен әсер етті, армандауға, мақсат қоюға, олардың орындалуына қол жеткізуге көмектесті. Құрметті оқырмандар, сізді бірнеше ұрпақ оқитын, уақытпен тексерілген кітаптармен танысуды шақырамыз.