Ағымдағы жылдың 21 қарашасында № 25 НОМ 8 «б» сынып оқушылары үшін ақын, жазушы М. Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына арналған «Міржақып Дулатов – халықты оятқан ақын» атты іс-шара өткізілді.
Іс-шараның басында кітапханашы ақынның өмірбаянын, оның қоғамдық қызметі туралы айтып берді. Оқушылар кітапхана қорынан бейнеролик көрді. Кітапханашы М. Дулатовтың қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрестегі рөлін атап өтті. Қызы Гүлнар Мыржақыпқызының «Алаштың сөнбес жұлдыздары» кітабын таныстырды. Оқушылар оның «Оян, қазақ» өлеңін оқыды.
Міржақып Дулатов – халықты оятқан ақын