Белгілі қазақстандық композитор және дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай «Дружба» кітапхана-филиалында «Музыкаға арналған өмір» атты портрет-кеш өткізілді.
Іс-шараға қатысушылар атақты композитордың жарқын тағдыры, оның отбасы, Ұлы Отан соғысына қатысуы, Ахмет Жұбанов пен Мұқағали Мақатаевпен достығы, және, әрине, оның шығармашылығы – әйгілі күйлер, симфониялар, «Қазақфильм» киностудиясының жұмысы туралы білді.
Қатысушылардың назарына мерзімді баспасөз кітаптары мен материалдары, «Атамұра» домбыра студиясының әртісі Еламан Контрабаевтың орындауындағы «Ата толғау», «Әлқисса» күйлері ұсынылды.
Музыкаға арналған өмір
