Музыкадағы күн сәулесі

2026 жылғы 25 қаңтарда Н. Островский ат. ОҚК қызметкерлері композитор В. А. Моцарттың туғанына 270 жыл толуына орай «Музыкадағы күн сәулесі» музыкалық қонақжайын өткізді.
Кітапханашы Австрияның ұлы музыкант дүниеге келген Зальцбург қаласы, Моцарттың есімімен байланысты ескерткіштер мен тарихи орындар туралы айтты. Клуб қатысушысы Р. Н. Орамбаева композитордың өмірі мен шығармашылығы туралы айтып берді. Әңгіме презентация көрсетілімімен және «Великий Моцарт» фильмінен үзінділермен сүйемелденді. Іс-шара барысында Моцарттың сиқырлы музыкасы шырқалды: «Турецкий марш», «Маленькая ночная серенада», «Волшебная флейта», «Спи моя радость» бесік жыры, «Дон Жуан» операсынан менуэт, № 40 симфония (соль минор), «Свадьба Фигаро» увертюрасынан үзінді, «Реквиемнен» үзінді және басқалар.