Мың бір мақал

2024 жылғы 12 желтоқсанда «Строительный» кітапхана-филиалында «Біз бақытты баламыз!» үйірмесінің мүшелері үшін «Мың бір мақал» дидактикалық ойын өткізілді.
Кітапханашы балаларды қазақ фольклорының жанрларының бірі – мақал-мәтелдермен таныстырды. Балалар мақал-мәтелді құрастырып, қосу керек карталармен жұмыс істеуге қызығушылық танытты. Олар Отан, достық, туған өлке туралы мақал-мәтелдермен бөлісті.
Қазақ мақал-мәтелдерін зерделеу, оларды түсіндіру өскелең ұрпаққа халық даналығы мен қазақтың ұлттық мәдениетін түсінуге көмектеседі.