10 ақпан күні «Дорожный» кітапхана-филиалында «Жәй ғана ОҚЫ!» жобасы аясында «Нағыз оқырман болу, оқу, ойлану, үйрену» атты танымдық сағат өткізілді. «”QazBilim” ұлттық лицейі», 8 «А» сынып оқушылары қатынасты.
Кітапханашы балаларға кітапхана рухани демалып, жаңа дүниелерді танып, білімді кеңейтетін тамаша орын екенін түсіндірді. Сонымен қатар ол кітапхананың тарихы, көрнекті тұлғалар мен балаларға арналған әдебиеттер туралы айтты.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауаптар алды. Кітапханашы балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін оята білді.
