19 наурыз «Береке күні» тақырыбы, ұлттық тағамдар күні А. С. Пушкин ат. қалалық балалар кітапханасының кітапханашылары Ғ. Қайырбеков ат. №9 жалпы білім беретін мектептің 7-сынып оқушыларына арналған «Наурыз – бейбітшілік пен мейірімділік мерекесі!» атты танымдық-ойын бағдарламасын ұйымдастырды.
Іс-шара басында «Тауқұдірет» студиясының қатысушысы «Тойбастар» күйін орындады. Балалар өлең оқыды: «Наурыз келді! Жыл келді!», «Наурызым қайта оралды аты аңыз», «Көктем жетті көл – көсір шуақ құрып». «Күш сынаспақ», «Көтермек», «Ханталапай» ұлттық ойындарына қатысты.
Бауырсақ – күннің, амандық пен қонақжайлылықтың символы. Соңында қатысушыларға тәтті бауырсақтар ұсынылды, оқушылар өз тілектерін білдірді.
Наурыз – бейбітшілік пен мейірімділік мерекесі!
