Наурыз – көктем мерекесі

«Дорожный» кітапхана-филиалында № 31 орта мектептің 3-ші «А» сынып оқушыларымен бірлесіп «Наурыз – көктем мерекесі» атты әдеби-музыкалық сағат өтті.
Іс-шара барысында кітапханашы балаларды Наурыздың тарихы мен дәстүрлерімен таныстырып, қатысушыларға презентация арқылы көптеген қызықты ақпараттар ұсынды. Қатысушылар әндер орындады, домбырада ойнады және «Арқан тарту» ойынына қатысты. Мерекелік іс-шара барлығына үлкен қуаныш пен жағымды эмоциялар әкелді.