Не артық

18 сәуірде «Дорожный» кітапхана-филиалында «Ғажайып бөлме» үйірмесінің қатысушыларына арналған «Не артық» логикалық дамыту ойыны ойнатылды. Кітапханашы балаларға ойынның шартын түсіндіріп өтті. Балалар экранда көрсетілген үй жануарларының, ұшатын құс, жәндіктердің, дөңгелек заттардың, киімдердің түрлерінің және т.б. заттардың артықтарын тауып ойынға белсене қатысты. Ойын барысында балалар логикалық тапсырмаларды орындау арқылы, өздерінің логикалық ойлау қабілеттерін дамытты.